• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2020

«Байқоңыр» ауданында су тасқынын алдын алу мақсатында жедел штаб құрылды

259 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданында су астында қалуы мүмкін 12 учаскеде 453 тұрғын үй бар. Төтенше жағдай туындаса, тамақтандыру және уақытша орналастыру пункттері дайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алдағы күндері ауа температурасы көтеріліп, қар ериді деп күтілуде. Осыған байланысты «Байқоңыр» ауданының әкімдігі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Аудан басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда тұрғындар тәулік бойы 55-73-76, 55-73-78 телефондары бойынша «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратына, сонымен қатар +7 (701) 999-85-75 телефоны бойынша Кирпичный, Казгородок тұрғын алаптары бойынша әкімнің бас инспекторы Тоқтар  Хасеновқа және +7 (702) 818-11-88 телефоны бойынша Өндіріс тұрғын алабы бойынша әкімнің бас инспекторы Дархан Сейітхановқа хабарласа алады.

Қазіргі кезде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жеке сектордағы қарды тазалау, шығару жұмыстары үш ауысыммен жүргізіліп жатыр.

Күн сайын су деңгейін төмендетуге арналған арық-науа жүйелері тазартылады, су басу қаупі бар 39 жеке меншікті үйде қажет болған жағдайда стационарлық сорғы станциялары орнатылады. ТЖД және аудан әкімі аппаратының  қызметкерлері су басу қаупі бар проблемалық учаскелерде тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары қолға алынды.