• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Ақпан, 2020

Жанбота Алдабергенова жанкүйерлерді Шымбұлақтағы әлем кубогіне шақырады

197 рет
көрсетілді

28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Алматыда фристайлдан әлем кубогі кезеңі өтеді.  Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған сынға әлем үздіктері тегіс қатысады деп күтілуде. «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде өтетін турнирде фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының үздігі Жанбота Алдабергенова да жүлдеге таласады. Жанбота барша жанкүйерлерді қазақстандық спортшыларды қолдауға шақырды.

«Өз елімізде өтетін жарыстың жауапкершілігі қашанда жоғары. Сондықтан, бар күшімізді салып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Аздаған уайым мен қобалжу да жоқ емес. Алдағы екі күнде ресми дайындығымыз қайта жалғасады.  Қарсыластарымды бөліп жармаймын. Қатысушылардың барлығы да мықты. Биылғы маусым аяқталуға жақын. Бар болғаны екі кезең қалды. Әлем кубогі кезеңдері Алматы мен Красноярск қалаларында өтеді. Содан соң, маусымды жабық деп жариялаймыз. Алматыдағы жарысқа толыққанды дайындалу үшін Минск мен Мәскеуде өтетін кубоктік кезеңдерге қатысқан жоқпын. Америкадағы турнирден соң әлемдік рейтингте бесінші орында келемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша жанкүйерді Шымбұлаққа шақырамын. Бізге қолдау көрсетіңіздер!», - дейді Жанбота. 

Фристайлдан әлем кубогі кезеңі Қазақстанда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.