• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2020

Павлодар облысына Оңтүстік Корея елшісі Ким Дэ-Сик келді

213 рет
көрсетілді

Корея Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі жұмыс сапары барысында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесті.

Кездесуде өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен өзара ынтымақтастық байланыстар  талқыланды.

Әбілқайыр Сқақов өңірде Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялар мен ғылым саласындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі екендігін атап өтті.

- Өңірдің ресурстарын өсім нүктелерін құру әлеуеті ретінде қолдануға болады, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Инвестицияларды тарту - бірінші кезектегі мәселе. Ол үшін бізде қажетті инфақұрылым мен басқару институттары бар, - қаржыландыру секторлары да жетерлік.

Ал, елші Ким Дэ-Сик  оңтүстік кореялық компаниялар үшін өнеркәсібі дамыған өңірмен жұмыс жасау қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар Ким Дэ-Сик ферросилиций өндіретін зауыттың құрылысымен айналысатын қазақстандық «Mineral Product» ЖШС-і мен Оңтүстік Кореяның Sac Holding компаниясының бірлескен жобасы туралы айтты. Қазір бұл жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемені  әзірленіп жатыр.

- Өткен жылы бастаған әріптестігіміз жалғасын тапса. Біздің компанияларымыз агроөнеркәсіптік кешені саласында бірлесе жұмыс жасауға дайын. Қазіргі кезде «Ақылды фермерлік» бағыты жақсы дамыған. Осы бағытта жұмыс істеуге болады. Өңірдің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін оңтүстік кореялық компаниялардың өкілдеріне хабарлайтын боламын, - деді елші.

Сондай-ақ тараптар медицина мен білім беру саласындағы әріптестік мәселелерін де талқылады.

Әбілқайыр Сқақов Оңтүстік Корея мамандарының осы салалардағы  тәжірибесін біздің облыста да қолдануға болатынын атап өтті.

 

Павлодар облысы