• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Ақпан, 2020

NASA Антарктиданың қалай жылдам еріп жатқанын көрсетті

1221 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіге жүктелген суреттерді салыстырып көрсек, 9 күннің ішінде Игл аралындағы қар жамылғысының біразы еріп кеткен.

Геологтар «Антарктида ешқашан бұлай тез еріген емес» деп дабыл қағып отыр. Мамандар мұны ауа температурасының жоғарылауымен байланыстырады.

Ақпан айының басында Антарктика түбегінің солтүстік бөлігіндегі «Эсперанса» ғылыми-зерттеу стансасы 18,3 градус нөлден жоғары температураны тіркеді. Бұған дейін континенттегі рекордты көрсеткіш 17,5 градус болған. 

6-11 ақпан аралығында қар жамылғысы тереңдігі он сантиметрге дейін еріп кеткен. Бұл жыл бойына жиналған қардың бестен бір бөлігі ғана.