• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Ақпан, 2020

Елорданың көлік компаниясы өз атауын өзгертті

237 рет
көрсетілді

«Астана LRT» ЖШС өз атауын өзгертті. Қала басшылығы серіктестіктің атауын өзгертіп, ребрендингтің тиісті шараларын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік компаниясы басшысының айтуынша, бұл шешім халықаралық тәжірибеге негізделіп жасалды, ол бойынша мекеме атауы оның қызметін көрсетіндей әлемдік үрдістерге сәйкес оңтайлы болуы шарт. «Астана LRT» ЖШС-нің жаңа атауы – City Transportation Systems.

Қазақ тіліндегі аудармасы –  Қалалық көлік жүйелері. «Ағылшын тіліндегі атау кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, біздің компания Халықаралық қоғамдық көлік одағының мүшесі болып табылады», - деді Бекмырза Игенбердинов.

Компания басшылығының хабарламасына сәйкес, серіктестіктің негізгі басымдықтары қоғамдық көлікті дамыту және тұтынушыларға барлық жағдайды жасау болып табылады.