• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2020

АИТВ-ахуалдыларды кемсітуге жол берілмейді

434 рет
көрсетілді

Алда Кемсітушілікке қарсы күрес күні келе жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен бағдарламасының бастамасы бойынша 1 наурызда кемсітушілікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың ұраны – «Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің толық жойылуы».

Кемсітушілік және гендерлік теңсіздік ЖИТС-қа қарсы күрестегі әрекеттерге елеулі әсер ете отырып, әйелдер мен қыздар үшін бұрынғысынша айтарлықтай кедергіге душар  болып отыр. Кемсітушілікке қарсы күрес күні қыз-келіншектерге қатысты кемсітушілікке негізделген проблемаларға қоғам назарын аударуға бағытталған. Айта кету керек, әңгіме АИТВ-мен өмір сүретін, трансгендерлі және секс индустриясында жұмыс істейтін әйелдерді қоса алғанда, барлық әйелдер туралы.

Кемсітушілікке қарсы күрес күнінің мақсаты – әйелдердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуіне кедергі келтіретін заңдық және экономикалық кедергілерде көрінетін әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктерді жоюға бағытталған және саяси ерік қалыптастыруды көздейді.

«АИТВ-ның таралуын тоқтату үшін, ең алдымен, медициналық мекемелерде кемсітуді толық жоюға баса назар аудару қажет. Бұл АИТВ-инфекциясы індетінің өсу қарқынының айтарлықтай қысқаруына ықпал етеді», – дейді ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Қазақстан Республикасы АИТВ-инфекциясының осалдығына әсер ететін және медициналық қызметтерге АӨА-ның қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою үшін шаралар қабылдайды.  Аурудың сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу туралы мемлекеттің кепілдіктері Конституция мен Халық денсаулығы және ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте заңнамалық деңгейде бекітілген.

Кемсітушілікке қарсы күресте жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кемсітушілікке қарсы күрес күні қарсаңында АИТВ-мен өмір сүретін қазақстандықтар Одағының, ЮНЭЙДС, ҚДИАҒО қызметкерлері студенттермен кездесті. Нәтижелердің бірі болашақ журналистер мен жарнамашылар үшін 1 желтоқсан – Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, ақпараттық кампания тұжырымдамасын жасау жөнінде конкурстың жариялануы. Байқау қорытындысы бойынша үздік тұжырымдама өз елімізде жүзеге асырылады.

Кемсітушілікке қарсы күрес күні кемсітушіліктің барлық көзделген мақсаттарын жүзеге асыру – ынтымақтастықтың жаһандық қозғалысын құруға ықпал етеді.