Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер отандық тауарлар мен өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қарымын арттыруға бағытталған түрлі конкурстарға үзбей қатысып келеді. Жақында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесінің қорытындысы шығарылып, облыс әкімі Самат Ескендіров жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

47 үміткердің арасынан қара үзіп шыққан ең таңдаулылар 3 аталым бойынша дипломдар иеленді. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-қа – 1-ші, «Мұнаймаш» АҚ-қа – 2-ші, «Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты» ЖШС-іне 3-ші дәрежелі диплом табыс етілсе, «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеке кәсіпкер Валерий Макаров, М.Жұмабаев ауданының жеке кәсіпкері Айдарбек Қалдыров, «Универсал-Север» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ, Аққайың ауданындағы «Ростан» ЖШС, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жеке кәсіпкері Павел Ищенко мадақталды. «Мичурин кірпіш зауыты» ЖШС, жеке кәсіпкер Петр Зыков, «Екпін-2002» ЖШС, «Тайынша сүті» ЖШС, «Петропавл бройлер фабрикасы» кәсіпорындарының ауыл бизнесіне қосқан қомақты үлестері айрықша аталды.
6 кәсіпорын мен 3 жеке кәсіпкер өз тауарларымен өнімдерін республикалық «Алтын сапа» байқау-жәрмеңкесіне ұсынатын болады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.