• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2013

Басты көрсеткіш – өнім сапасы

424 рет
көрсетілді

Солтүстікқазақстандық кә­сіпкерлер отандық тауарлар мен өнімдердің сапасы мен бәсе­келестік қарымын арттыруға бағытталған түрлі конкурстарға үзбей қатысып келеді. Жақында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесінің қорытындысы шығарылып, облыс әкімі Самат Ескендіров жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

47 үміткердің арасынан қара үзіп шыққан ең таңдаулылар 3 аталым бойынша дипломдар ие­ленді. «Өндірістік мақсаттағы үз­дік тауарлар» аталымы бойынша «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-қа – 1-ші, «Мұнаймаш» АҚ-қа – 2-ші, «Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты» ЖШС-іне 3-ші дәрежелі дип­лом табыс етілсе, «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеке кәсіпкер Валерий Макаров, М.Жұмабаев ауданының жеке кәсіпкері Айдарбек Қалдыров, «Универсал-Север» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ, Аққайың ауда­нындағы «Ростан» ЖШС, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ның жеке кәсіпкері Павел Ищенко мадақталды. «Мичурин кірпіш зауы­ты» ЖШС, жеке кәсіпкер Петр Зыков, «Екпін-2002» ЖШС, «Тайынша сүті» ЖШС, «Петро­павл бройлер фабрикасы» кәсіпорындарының ауыл бизнесіне қосқан қомақты үлестері айрықша аталды.

6 кәсіпорын мен 3 жеке кәсіпкер өз тауарларымен өнімдерін республикалық «Алтын сапа» байқау-жәрмеңкесіне ұсынатын болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.