Әуелі ұлттық тарихқа кірісуден басталық.
Қазір зиялы қауым арасында екіұдай пікір бел алуда. Бірі, стратегиялық пайымға әлі ерте дейді; екінші топтағылар: қазақ қоғамы, яғни мемлекеттік жаңа құрылым қалыптасу кезеңінде дейді. Стратегиялық пайымға әлі ерте дегенге сену қиын. Неге дейсіз ғой! Қазақы ұғымға салып сөйлесек: стратегиялық пайым – келешек көкжиегіне күн сала қарау деген сөз. Ұлт болып қалыптастық, тәуелсіз мемлекет құрдық, тарих көшіне ілестік, планетадағы қайсыбір ұлт пен ұлысқа ұқсап торғайдай тозып кетпеппіз... Енді неге келесі онжылдық, ширек ғасыр көлемінде ұлы көштің қандай қоналқаға қонарын, нендей кеп шертерін болжап, біліп алмай – көшке ілесе беруіміз керек. Келешек барар жерімізді межелеп, елестетіп алғанымыз ауадай қажет-ақ. Сол себепті тап бүгін алды-артымызға қарап, ертеңгі барар жерімізді ойша барлап, көз жеткізер стратегиялық пайымға жүгінгеннің еш артықтығы жоқ.

Тәжірибе бұрын болған. Ахмет Байтұрсынов бастаған алаш лидерлері бастың аяқ, аяқтың бас болып былыққан сонау ХХ ғасыр басында-ақ қазақ қауымының келешегін ойлап, біздің мемлекеттік шекарамыз мына тұстан өтуі керек... Біздер Ресей федерациясының ұсақ бөлшегі болмай, өз алдымызға республика дәргейінде, тең құқылы ел болып біріккеніміз жөн... Мынадай стратегиялық межеміз сызулы деп қызыл төңкеріс көсемдерінің көзін жеткізді, иландырды, дамудың демократиялық жолын сызып көрсетті. Бұл күнде көзге топырақ шашып, кешегінің бәрін үр-рит-соқпен төндіре жамандаудың қажеті болмас. Тең құқылы ұлттық республика дәргейінде Ресейге өз еркімізбен қосылуды кімдер өліп-өшіп қолдағанын білеміз. Одақтас республикалар дәрежесінде ғана мемлекеттің бірігуіне қарсы болып, үлкен пәтуалы іс пен сөздің аяғын сиырқұйымшақ қылып, демократиялық негізде құрылған КСРО-ны – ұртоқпақ империяға кімдер айналдырып жібергенін тағы білеміз.
Бұл үшін алабөтен данышпан болудың қажеті жоқ. Тек қана өткен ғасырдың 20-30-жылғы деректік құжаттарына ыждағатпен үңілсек жетеді. Сол себепті бізге стратегиялық пайым ауадай қажет. Ел болып етек жидық, еңсе көтердік, енді неге жиырма, отыз жылдан кейін өркениет көшінің қай тізбегінде болатынымызды болжап, мөлшерлеп, пайымдап алмасқа. Бұл реттегі зиялы қауымның келешекті ойлаған болжал-білігін жүрек төрінде ұстаған ләзім.
Осындайда ойдан ой туындайды. Жасыратыны жоқ, біраз кісілеріміз тәуелсіздікті– ағаш қуыршақ – буратиноға айналдырып алды. Кез келген жерге, кез келген ойынға тықпалауға әуес. Ал, қазақ үшін тәуелсіздіктің ақ таңы атты делік, аспаннан шұға жауды делік. Ал, ата-бабасынан Қазақстанда тұратын татар, ұйғыр, орыс, украин, өзге де переселендер үшін тәуелсіздік ұғымы, тәуелсіздік күні не берді?.. Қазақ жеріндегі орыстарға тәуелсіздік нендей пішімде көрініс табады. Олар бүгін «ал, қазақтар, сендерге тәуелсіздік таңы атқан екен, біздер орыстар – күні ертең шүу қарақұйрық деп тарихи отанымызға көшіп кетелік» демейді ғой. Сол баяғы ұрпақ өрбітіп, от түтеткен жерінде отыра береді. Өркениет үдерісі асау өзендей алқын-жұлқын кимелеуі бөтен. Домалақ жердің адам аяғы баспаған ұлтарақтай жері қалмады. Ақ үйдегі өтіп жатқан мәжілісті сол заматында отбасындағы телеэкраннан көре аламыз. Сонда деймін ғой. Тәуелсіздік дегенімі