Қостанай облысында жол полициясының қызметкері мен Қостанай қаласының Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік бөлімнің жедел кезекшісі пара алды деген күдікпен қамауға алынды.
Полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін одан 40 мың теңге пара алған деген күдікке ілініп отыр.
- Қазір олардың үстінен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады, - деп хабарлады бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз орталығы.
ҚОСТАНАЙ