• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2020

Ақтауда зағиптарға арналған «Sezual» тифлоқұрылғысының тұсаукесері өтті

443 рет
көрсетілді

Ерекше құрылғымен танысуға Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, зағиптар қоғамының төрағасы Амангелді Мұхамедов және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көзі нашар көретін жандарға арналған, олардың кеңістіктегі бағдарын анықтайтын «SEZUAL» құрылғысын қазақстандық IT-өнертапқыш, педагогика ғылымдарының кандидаты және Global Inclusive Innovation мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Габдрешов ойлап тапқан. Ол адам миының ерекше мүмкіндіктерін пайдала отырып, зағип жандардың есту мүмкіндіктері арқылы ұсақ заттарға дейін сезуді тапты. Яғни «Sezual» тифлоқұрылғысының көмегімен мүлдем көзі көрмейтін адам ара қашықтықты сезініп, алдында тұрған заттың көлемін, пішімін өз бетінше анықтай алады.

Бұл технология алғашқы тәжірибелік сатыда Халықаралық ғалымдар кеңесінде сыналып, зағип адамдарды кеңістікте бағыттау үшін тифлоқұралдар саласындағы маңызды жаңалық ретінде танылды.

Халықаралық ғалымдардың жүргізген зерттеулердің қорытындысы бойынша, «SEZUAL» аппараты әлемдік аналогтармен салыстырғанда барлық критериядан өткендігі анықталды және одан да жоғары сынақтардан өтуге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, түнгі уақытта адамның бағыттан ауытқымай кедергілерге дейінгі қашықтықты анықтауға көмектеседі. Бұл құрылғыны ойлап тапқан ғалымдар аппараттың прототипін әзірлеу үшін Дүниежүзілік Банктен 400 000 доллар көлеміндегі қайтарымсыз грантын ұтып алды. Сондай-ақ, бүгінгі күні тифлоаппаратқа Еуропа мен АҚШ елдерінің инвесторлары қызығушылық танытуда. Алайда отандық өнертапқыштар өз өнімін Қазақстанда патенттеп, өндіріске ұсынбақ.

Таныстырылым соңында  қала әкімі өнертапқыштардың жобасын қолдауға дайын екенін айтып, жастарға сәттілік тіледі. 

 

 

Маңғыстау облысы