• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Ақпан, 2020

Қазақстандықтар ем-дом қажет азаматқа бір күнде 19 млн теңгеден астам қаражат жинады

446 рет
көрсетілді

«Қазақстан» РТРК» АҚ  «Қазақ радиолары» ЖШС ұйымдастыруымен елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Мың алғыс» қайырымдылық кеші өтті.

Қайырымдылық концертінде кештің басты кейіпкері, бас-сүйек ісігі ауруына шалдыққан Самат Ақбергеновке 19 млн теңгеден астам қаражат табысталды.

Мұндай соманы қазақстандықтар радиоэфир және әлеуметтік желі арқылы бір күннің ішінде жинап берді.

Кештің телевизиялық нұсқасын Ұлттық арна 1 наурыз 12:30-да көрсетеді.