Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Шиелі аудандық мәслихаты келісімімен Шиелі ауданының әкімі болып Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы тағайындалды.
Қамбарбек Амангелдіұлы 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Ол әр жылдары Шиелі, Жаңақорған аудандық салық комитеттерін басқарып, облыстық салық комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2009-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болған.
Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.