Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақыты бойынша 3 сағат 36 минутта жер сілкінгенін хабарлады.
Белгілі болғандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 407 шақырымда, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.8. MPV, магнитудасы 4.9. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.