• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Ақпан, 2020

Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды - К. Мәсімов

197 рет
көрсетілді

Qazaq kuresi қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов алдағы оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 мектеп бағдарламасына қазақ күресі вариативті негізде енгізілетінін айтты.

«Біз қазақ күресі тарихының жаңа парағын ашу үшін жиналып отырмыз. Бұған дейін Қазақстанда Қазақша күрес федерациясы құрылған болатын. Елімізде республикалық жарыстар, халықаралық кездесулер өткізілуде. Біз қазақ күресін Олимпиада қатарына кіргізуді мақсат етіп отырмыз, сол себепті Қазақстан барысы, Қазақша күрес ұйымдарын біріктіретін Qazaq kuresi ассоциация құрылды», - деді Кәрім Мәсімов.

Сондай-ақ ол ұлттық күрестің бейнесі әлемдік деңгейде қалыптасып үлгергенін айтты.

«Азия, Еуропа, әлем чемпионаттары тұрақты түрде өткізілуде. Осы ретте республикалық федерация тарапынан қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды. Алдағы оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 мектепте вариативті негізде енгізіледі. Бұл ұлттық күрестің бағындырған бір белесі», - деді Кәрім Мәсімов.