• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Ақпан, 2020

«Астана» футбол командасы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

449 рет
көрсетілді

Қостанайдағы «Тобыл – Аренада» өткен тартысты матчта «Астана» Қызылорданың «Қайсарын»  1 – 0 есебімен ұтып, Қазақстан футбол федерациясының суперкубогын жеңіп алды.

Бірінші таймның 39-шы минутында сол қанаттағы Рунар Сигурьонссонның айып алаңына  пас асырды. Доп «қайсарлық» Бағдат Қайыровқа тиіп барып қақпаға кірген сияқты еді, бірақ гол Пиерос Сотириудың еншісіне жазылды. Бұл голдан кейін «Қайсар» ойнын ширата түсіп, бірнеше мәрте есеп теңестіруге шақ қалды. Бірақ шабуылшыларға дәлдік жетіспеді. Осылайша, «Астана» биылғы ел супер кубогінің иесі атанды.