• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бизнес саласының бюджетке түсімі артты

175 рет
көрсетілді

Былтыр облыстағы шағын және орта бизнес саласы бюджетке 73,8 млрд теңге салық түсірген. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес-қауымдастық өкілдері алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Кездесу алдында «Бастау» жобасы бойынша оқып, кәсіптерін ашқан іскерлер басқаратын кәсіпорындар өнімдерінен көрме көрсетілді.

Палата директоры кәсіпкерлермен кездесуде қазіргі экономикалық ахуалға, бизнестің жай-күйіне қысқаша шолу жасады.  

– Біздің өңір экономикасы мұнай өндірісіне тәуелді екені белгілі. Өткен жылы мұнай өндірісі көлемінің 13%-ға төмендеуі өнеркәсіптік өнімнің 10,7%-ға азаюына алып келді. Жалпы, соңғы 7 жылда облыста мұнай өндірісі екі есеге дейін азайып, 5,5 млн тоннаға дейін төмендеген. Биыл да 1 млн тоннаға кемиді деген болжам бар. Сондықтан өңдеу өнеркәсібі бағытында облыс экономикасын әртараптарандыру қазіргі күннің басты талабына айналып отыр. Оны тек шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қол жеткізе аламыз, - деді ол.

Биылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша облыста 46 297 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Өткен жылдың 9 айында сала 285,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп,  өсім – 9,9%-ке жеткен.

Соңғы 3 жылда шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 14,2%-дан 18%-ға өсіп отыр.