Иранда 54 адам коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Иран Ислам республикасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді.
ИРНА агенттігінің ақпаратына сәйкес, бір тәулікте тағы 385 адам аталмыш вирусты жұқтырып үлгерген. Киануш Джаханпурдың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны - 978. Оның ішінде жүзден астам адам аурудан жазылған, 54 адам көз жұмды.
«Жаңа жағдайлардың 170-і Тегеранда тіркеліп отыр. Кумда – 30, Гилянда – 28, Исфаханда – 13, Маркази провинциясында – 14, Мазендеранда – 11, Оңтүстік Хорасанда – 2, Иламда – 1, Фарс провинциясында – 8, Хорасан Разавиде – 17, Керманшахта - 2, Лорестанда - 8, Хормозганда - 2, Хамаданда - 3, Альборзда – 31, Семнанда – 3, Керманда - 2, Күрдістанда – 5, Хузестанда – 9, Систан және Белуджистан провинциясында – бір жағдай болды. Оның ішінде 11 адам қайтыс болды», деді Киануш Джаханпур.
Еске салайық, кеше министрліктің өкілі Иранда 43 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған еді.