Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткері ретінде тұлғалық деңгейі бейбітшілік пен келісім саясатынан айқын көрінеді. Осы саясатының арқасында бәріміз гүлденген тұрақты елде өмір сүріп жатырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси шешімдері халық бірлігіне бағытталды. Осы саясаттың іске асуы 1995 жылы 1 наурызда Президент жанындағы консультативтік-ақылдасу органы – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен айқын көрінді. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының күні – еліміздегі қоғамдық келісімнің тұрақты және мығым іргетасы.
2016 жылдан бастап 1 наурыз Қазақстанда ұлттық мереке – Алғыс айту күні ретінде тойланады. Қазақстандықтарды осы мейірім, достық және сүйіспеншілік күнімен құттықтап, баршаңызға достық, сабырлық және қонақжайлық үшін алғыс айтамын!
Дмитрий ОСТАНЬКОВИЧ,
Нұр-Сұлтан қаласы,
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Радима» беларусь мәдени орталығының төрағасы