• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2020

«Қоғамға қызмет» жобасы – волонтерліктің бастауы

8664 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы іргелі оқу орны Yessenov University білім мен тәрбиені ұштастыра жүргізіп келеді. Аймақтың әлеуметтік-мәдени өмірінің қозғаушы күші ретінде әрекет ететін әлеуметтік жауапты университет қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру жұмыстары мұнда жүйелі жолға қойылған. «Қоғамға қызмет» жобасын осы бағыттағы сүбелі істердің бірі деуге болады.

«Қазақстан халқы Ассам­блея­сы» кафедрасының жанында 2018-2019 оқу жылынан бері студент жастардың во­лон­терлік белсенділігін қа­лып­­тастырып, аймақтағы әлеу­меттік мәселелерді шешуге ба­ғытталған «Қоғамға қызмет» ин­новациялық, оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. 2019 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапары барысында орталықтың қызметімен танысып, оң бағасын берген болатын.

Орталықтың қызметі волон­терлік жұмыстың не­гіз­гі салалары бойынша қоғам­дық әрекеттерді жү­зеге асы­руға бағытталған «Қо­ғамға қыз­мет» пәнінен тео­риялық жә­не тәжірибелік дәріс бе­румен байланысты. Қазіргі уа­қытта сту­денттік жобалар келі­сімшарт негізінде 20-ға жуық қала ме­кемелерінде жүзеге асырылып, 2018-2019 оқу жылында 1200 студент, 2019-2020 оқу жылында 1570 студент дәріс алуда. Әлеу­­меттік, экологиялық, мәде­ни, спорт саласындағы волон­тер­лердің 200-ден астам жобасын жүзеге асырды.

Деректерге сүйенсек, елімізде 700 мыңнан астам мүгедек жан бар. Маңғыстау облыстық әлеу­меттік қорғау органдарында 27 мың мүгедек тіркелген, оның ішін­де 5188-і – мүгедек бала, бұл мүгедектердің жалпы санының 20%-ы, сал ауруына шалдыққан – 290 бала, аутизммен ауыратын – 92 бала, Даун синдромымен ауыратын 65 бала бар. 132 қария қарттар үйінде, 33 бала арнайы балалар үйінде тұрады. Университеттің «Қоғамға қыз­мет» жобасы аясын­да студенттер мүгедек жандар мен қарттар үйіне, балалар үйіне тұ­рақты барып, өз қолғабыстарын көрсетіп келеді.

Жуырда «Қоғамға қызмет» орталығы Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының ғимаратында «Маң­ғыстау облысында Волон­терлер жылының ашылуына ар­­налған «VOLUNTEERS MANGYSTAU-2020» атты салта­нат­­ты шара ұйымдастырды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, мемле­кеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес құры­лымдардың, аймақтық БАҚ өкіл­дері, Yessenov University-дің (YU) басшылары, оқытушылары, сту­денттері, барлығы 350-ден ас­­там адам қатысқан іс-шара аясында Маңғыстау облысы ҚХА-ның Волонтерлер қозғалысы орта­лығының ашылуы, ҚХА ка­федрасының құрамындағы «Қо­ғамға қызмет» инновациялық оқу-әдістемелік орталығының қызметімен таныстырылымы өт­ті. «Қоғамға қызмет» пәні бо­йынша орындалған во­лон­терлік қызметтің әр­түр­­лі ба­­ғыт­тарындағы сту­денттік жо­­­ба­лар­дың көрмесі ұйым­дас­­­ты­рылды. Студенттер өз жұмыс­тарымен таныстырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Салтанатты жиын Н.Жан­төрин атындағы облыстық му­зы­калық-драма театрының Са­быр Адайдың «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» шы­ғар­масына негізделген әде­би қойылымымен ашылып, қа­тысушыларға «Қоғамға қыз­мет» орталығының жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Аймақтағы волонтерлер қоз­ғалысының дамуына, «Қоғамға қызмет» жобасына қолдау көр­сеткен адамдарға ізгіліктің, ру­хани келісімнің гуманистік мұ­раттарына жасаған қызметтері үшін алғыс хаттар берілді. Мүм­­кіндігі шектеулі жандарға ар­налған спорт кешенінің, даму мүм­кіндігі шектеулі балаларға арналған №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тәр­биеленушілері студенттер­мен бірлесе өнер көрсетіп, соңы «Маң­­ғыс­тау волонтерлері» атты мере­келік флешмобпен аяқталды.

Қоғамға қызмет ету – бұл «кө­мек беру» ұстанымын таң­дау, әлемдегі мейірімділікті дәріп­теу, әлемді даналықпен және сүйіс­пеншілікпен толықтыру, мүм­кіндігі шектеулі жандардың мұқ­таждықтары мен қайғысына жауап беру. Ал бұл қасиеттер біз­дің халқымыздың бойында, қа­нында бар. Ақтаудағы Yessenov University студенттерінің қайы­рым­дылық, мейірімділік, ізгілік жобасын екі жыл бұрын қолға алып, жан-жақты жүргізіп келе жатқаны қуантады. Студент­тер осы екі жылдың ішінде қан­­­­­шама жарымжан және жа­быр­қау жандардың жанынан та­былып, қолтығынан демеп, көңіліне қуаныш сыйлады де­сеңізші?! Жастардың ел-жұр­тына қайырымды болуы, қор­шаған ортаға жылышырай-жана­шырлықпен қарауы – басты қажеттілік, басты қуаныш.

– Сондықтан ауқымды, ма­ңызды игі іске тек студенттер қа­уымы емес, бүкіл қоғамның мү­шелері атсалысса, мұқтаж жан­дар­ға қол ұшын созып, қандай салада болсын игілікті істер тын­­дыруға дайын болса, елі­міз­­де инклюзивті қоғам қалып­тасатыны сөзсіз, – дейді жобаға бастамашы болған оқу орнының басшысы Берік Ахметов.

 

Маңғыстау облысы