• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Наурыз, 2020

STEM оқыту әдісі елордалық оқушылардың оқу үлгерімін қалай жақсартады?

831 рет
көрсетілді

STEM-зертханалар елордалық мектептердің жартысынан астамына сәтті енгізілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Инновациялық технологиялар жаратылыстану ғылымдарын математикаға, технологияға және инженерлік іске біріктіруге мүмкіндік береді.

«STEM Academia» ғылыми даму және зерттеулер жөніндегі директоры Мағжан Қыстаубаев STEM зертханасы – бұл бірінші кезекте мектеп оқушылары өз білімдерін қолдана алатын алаң екенін түсіндіреді. Оқушылар сабақты роботты жинап үйрену үшін оқиды. Көптеген терминдер мен үрдістерді тек қана оқулықтан меңгеру оңай емес. Ал STEM-зертханада білім алатын оқушылар гидравликалық экскаватор құру арқылы гидравлика принциптерін көрнекі мысалда оңай игере алады.  

Сондай-ақ Мағжан STEM үлгісіндегі оқыту мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын айтты, өйткені оқу мекемесін аяқтағаннан кейін оқушының одан әрі жұмысқа орналасу үшін қажетті практикалық дағдылары бар. 3D принтер, лазерлік станоктар, көпфункционалды дрон және т.б. қамтитын жаңа жабдықтардың арқасында балалар өз идеяларын оқу процесінен үзбей жүзеге асырады.

№41 мектептің 20 жылдық еңбек өтілі бар информатика пәнінің мұғалімі Николай Середа оқушылардың физика, химия, информатика және жаратылыстану сияқты қиын пәндерге деген қызығушылығының артқанын айтты. Сонымен қатар мұғалім балалар игерген білім сапасының жақсарғанын, эксперименттер жасаудағы қызығушылықтың артқанын және өз жобасын жүзеге асырудағы ұмтылысты атап өтті.

Қаланың басқа да мектептерінде STEM-зертханаларын енгізу жоспарланып отыр.