• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2020

Түркістан: Лимон егіп, миллионер атанды

2667 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 соттық лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алған. Жиналған өнімнің әр келісін шаруа 800 теңгеден саудалап, 5 миллион теңге пайдаға кенелген. Сөйтіп, шаруа қожалығы биыл лимон бағының көлемін тағы да 10 соттыққа ұлғайтып отыр.

Қазір мұнда көшеттер топыраққа отырғызылып, күтіп-баптауға алынған. «Лимонның көшеттерін 2016 жылы Өзбекстаннан арнайы алдырттық. Жылыжай құрып, үшінші жылы 3 тонна, ал былтыр 5 тонна өнім алдық. Әр түп шамамен 30-40 келіден өнім берді. Негізінен әр түп лимон 25-30 жыл өнім беруге қауқарлы» дейді жылыжай бағбаны Юлдаш Аблазов.

Жалпы, «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының иелігінде 17 гектар жер бар. Оның 6 гектарына шабдалы, 20 соттығына жүзім, 20 соттығына лимон, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егіліпті. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон көлемін тағы да 30 соттыққа арттыруды жоспарлап отыр.