• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Иордания тікелей әуе байланысын жолға қою бойынша қадамдарды белгіледі

153 рет
көрсетілді

Екі елдің арасындағы тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған күш-жігері аясында Елші Айдарбек Тұматов Иорданияның Туризм және көне мұра министрлігінің Бас хатшысы Имад әл-Хиджазинмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«SCAT» әуекомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен бірқатар қазақстандық туроператорлардың қатысуымен өткен кездесу барысында туризм саласындағы, оның ішінде чартер рейсін ашу және туристік компаниялар мен екі елдің тиісті құрылымдары арасындағы байланысты дамыту арқылы екіжақты қатынастарды нығайту перспективалары талқыланды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар өзара туристік ағымын арттыруға және екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған әрекеттерді өзара үйлестіруге ниет білдірді.