Еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күніне орай Астанада бірқатар мәдени және мерекелік іс-шаралар өтеді.
Еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күніне орай Астанада бірқатар мәдени және мерекелік іс-шаралар өтеді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 16 тамыздан бастап Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Менің елім, менің елордам» атты көрме, ал №5570 әскери бөлімінде Қазіргі заманғы өнер мұражайының «Батырлар – Отан қорғаушылар» деп аталатын көшпелі көрме ұйымдастырылады. Мерекелік шаралар кестесі «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасады.
«АЛЖИР» мұражайында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына 29 тамыз – 5 қыркүйек аралығында «Тарих – таным айнасы» бейнекөрінісі ұсынылады. 29 тамызда Бейбітшілік және келісім сарайында ғылыми конференция өткізіліп, «Қазақстан» орталық концерт залында мемлекеттік мерекеге орай мерекелік концерт ұйымдастырылады.
30 тамызда қала тұрғындары мен қонақтары үшін Астананың орталық алаңында бұқаралық-мәдени шаралар ұйымдастырылып, арнайы дайындалған мерекелік концерт көрсетіледі.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».