• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2020

Қызылорда: Аудан орталығында спорт алаңдары салынады

418 рет
көрсетілді

Биыл Әйтеке би кентінде 2 спорт алаңы салынады. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір аудан орталығында 9 шағын футбол алаңы бар. Олардың басым көпшілігі теміржолдың бергі бетінде орналасқан. Ал 10 мыңнан аса тұрғыны бар 5 квартал аймағында жалғыз спорт алаңы бар.

Осыған орай биыл осы аймақтан 2 шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр. Оның бірі Дулатов пен Әліпбаев көшелерінің қиылысында орналасса, екіншісі Жетес би мен Елховников көшелері түйіскен жерге салынады.

Спорт алаңдарын салу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Жақын күндері мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мекеме анықталады.

Өткен жылы осы аудандағы Ақтан батыр ауылында 150 орындық стадион құрылысы басталып, биыл аяқталды.