• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2020

Шымкент сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы талқыланды

205 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков, Соттар әкімшісі басшысының м.а. А.Омарова және сот мамандары қатысты.

Кездесу барысында сот қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық, әділдік, халықтың сенімін ақтау жайы сөз болды.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар кеңінен түсіндірілді.

Ақпараттық-ағартушылық Штабының жұмысымен, қызметімен таныстырған Сәкен Мәжінбеков, штабтың міндеті халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату болып табылатындығын жеткізді.

Өз кезегінде Н.Қасымбеков тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жүзеге асырылып отырған жобаларға тоқталса, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаментінің басқарма басшысы Е.Жұмабаев мемлекеттік қызметшілердің әдебін айтып өтті.

Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығымен таныстырылып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.