Кеше түнгі 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданындағы Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан.
Салдарынан үш адам қайтыс болып, бес адам жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.