Дүниежүзі Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, індеттің алғашқы белгілері анықталған елдер қатарына Андорра, Иордания, Латвия, Марокко, Португалия, Сауд Арабиясы, Сенегал, Тунис және Украина қосылған.
17:10
Польшада алғашқы жағдай тіркелдіПольшаның Денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовский елде корoнавирус жұқтырған алғашқы науқас анықталғанын айтты.
Қазір ол Зелёна-Гура ауруханасында ем алып жатыр. Науқастың отбасы мен жеке басына қатысты еш ақпарат берілмеді. Десе де министр Польшаның эпидемиямен күресуге дайын екенін жеткізді.
______________________________________________________________________________________________
16:53
Иракта алғашқы науқас көз жұмдыВирус жұқтырған 70 жасар ер адам Ирактың солтүстігінде көз жұмды.
Елдің ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, науқастың жағдайы нашарлап, жұқтырған індеттен қаза болған.
______________________________________________________________________________________________
16:23
Германияда 240 адам вирус жұқтырғанРоберт Кох институты (RKI) Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 240-қа жетті, бүгін жаңа 44 жағдай тіркелген.
RKI мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Германияның 16 федералды аймағының он бесінде індет белгілері анықталған.
______________________________________________________________________________________________
12:12
Үндістанда он бес италиялық вирус жұқтырғаны анықталдыҮндістанда он бес Италия азаматының коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң шықты. Бұл ақпаратты елдегі мемлекеттік және тәуелсіз БАҚ таратты.
Осыған дейін Reuters агенттігі дүйсенбі күні Раджастан штатында Италия азаматының вирус жұқтырғанын денсаулық сақтау органдарының өкіліне сілтеме жасап хабарлаған еді.
______________________________________________________________________________________________
11:55
Жапонияда вирус жұқтырғандар саны 1000-нан астыЕлдің Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті билік берген ақпаратқа сәйкес, Токиоға жақын карантинде болған Diamond Princess лайнерінің бортында болған 706 адамды қоса алғанда, елдегі науқастар саны 1001 адамға жеткен.
Жергілікті тұрғындар арасында қаза болғандар саны 12 адам, оның алтауы круиз лайнерінде болған.
Өткен аптада Премьер-министр Синдзо Абэ елдегі барлық мектептерді жабуды тапсырған. Сондай-ақ спорт және ойын-сауық мекемелерінің операторларынан ірі іс-шараларды кейінге қалдыруды сұрап еді.
______________________________________________________________________________________________
11:30
World Bank (Дүниежүзілік банк) көмекке $12 млрд бөлуге уәде бердіДүниежүзілік банк коронавирус тараған дамушы елдерге көмек ретінде 12 млрд доллар бөлетін болды.
Бұл кей елдердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарысқа қарсы шараларын жақсартуға, сондай-ақ экономикалық қатерді азайтуға көмектеспек.
Ұйым қаржылай көмекті вирус тараған 70-тен астам елдер ішінен ең кедей және індетпен күресуге мүмкіндігі жоқтарына береді.
Берілетін соманың жартысы жеке сектормен жұмыс істейтін Банктің Халықаралық қаржы корпорациясынан келіп түссе, ал шамамен $4 млрд қолжетімді қорлардан алынады.
______________________________________________________________________________________________
9:30
Әлемдегі жағдай қандай?► Соңғы мәліметке сенсек, әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 92 мыңға жеткен. Ал індеттен көз жұмғандар 3 мың адамнан асты.
► Оңтүстік Корея Президенті вирусқа «соғыс» ашатынын мәлімдеді. Елде тіркелген науқастардың 60%-ға жуығы 2,5 миллион халқы бар Дэгуде орналасқан Синчхондзи діни сектасының филиалымен байланысты. Секта басшысының коронавирус жұқтырмағаны анықталды.
► Гонконг өзге әлем елдеріне қарағанда өз тұрғындарын Уханнан соңғылардың бірі болып эвакуациялайтын болды.
► Кеше тағы бір қытай дәрігері вирустан көз жұмды.
► Украинада Италиядан келген ер адамның вирус жұқтырғаны анықталды.
► Францияда 100-ден астам мектепті уақытша жабуға тура келді.
► Иранда 23 депутат вирус жұқтырған, ал індеттен көз жұмғандар саны 77-ге жетті.