«Қазгидромет» РМК 4-5 наурызға арналған ауа райы болжамын хабарлады.
4-5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз 5 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады.
Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с шамасында болады.
Петропавл қаласында 4-5 наурызда күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
4 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады.