• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Наурыз, 2020

Дәулеткерей күйлеріне арналған сурет көрмесі (видео)

1653 рет
көрсетілді

Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің студенттері күйші Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына арналған ерекше көрме ұйымдастырды.

Колледждің «Сәндік қолданбалы өнер және дизаин» бөлімінде оқитын студенттер Дәулеткерей күйлерінің тақырыбына, кейіпкерлеріне арнап салған суреттерін күйші мерейтойына тарту етіпті. Бір қызығы, бұл туындылардың денін студенттер күйші шығармасын тыңдай жүріп салған екен.

Дәулеткерей Шығайұлы – ұлы композитор. Домбыра аспабында төре күйлері мектебінің көшбасшысы. Сонымен қатар соңына «Құдаша», «Қос алқа», «Ақбала қыз», «Мұңды қыз», «Жеңгемсүйер», «Жұмабике», «Көркем ханым» сынды керемет күйлер қалдырып, әйел образын өлмес шығармаларына ең көп арқау еткен сазгер. Дәулеткерейдің толғанысқа, философияға толы «Жігер», «Топан», «Аңшылық» секілді лирикалық күйлерін де біздің шәкірттеріміз жақсы біледі. Осы күйлерді сабақ барысында ойнап, үйреніп жүреді. Енді міне, тек музыка бағытындағы емес, сурет, дизаин саласында оқитын студенттеріміз де Дәулеткерейдің шығармашылығын біліп, насихаттап жатқанына қуаныштымыз, - дейді колледж директоры, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Нұржан Сертек.

 

Батыс Қазақстан