• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Наурыз, 2020

Елжан Біртанов: Медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі құрылады

246 рет
көрсетілді

Медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Кодекс жобасымен медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі енгізілуде. Азаматтарға тиімді, сапалы медициналық көмек көрсету және сырқаттанушылық деңгейін төмендету мақсатында Кодекс жобасында медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі қарастырылған. Бұл жүйе – барлық деңгейде пациенттер ағымын басқаруға және стационарларда кез келген бейіндегі пациенттерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Кодекс жобасында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру аясындағы медициналық көмектің көлемін анықтау қағидалары регламенттелген», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 

Оның сөзіне қарағанда, медициналық көмектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді стандарттаудың бірыңғай тәсілдері жасалады, трансплантация институты жетілдіріледі, мемлекеттік бақылау күшейтіледі.

Нәтижесінде, медициналық көмек қалалық және ауылдық жерлерде қолжетімді болады, медициналық көмек көрсету процестері стандартталады, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын бақылау күшейтіледі.