• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Маңызды іс-шаралар аталды

242 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ресми өкіл Алтай Әбибуллаев үстіміздегі аптада өтетін айшықты оқиғалар барысымен таныстырды. Сондай-ақ, брифингте ҚАЖК төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев қылмыстық-атқару жүйесіндегі жағдайға түсінік берді.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ресми өкіл Алтай Әбибуллаев үстіміздегі аптада өтетін айшықты оқиғалар барысымен таныстырды. Сондай-ақ, брифингте ҚАЖК төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев қылмыстық-атқару жүйесіндегі жағдайға түсінік берді.

Ресми өкіл Премьер-Министр Серік Ахметов кеше Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдағанын мәлім етті. Қытай сыртқы сая­сат­ ведомствосының басшысы­ өз әріптесі – Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Ерлан Ыды­рысовпен де кездесу өткіз­ген. Астанада өтіп отырған келіс­сөз­дердің басты мақсаты – бұл Қа­зақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қытай Халық Рес­публикасының Төрағасы, Қы­тай Коммунистік партиясы Ор­та­лық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпиннің елімізге 6-7 қыркүйек күндері жасайтын­ ресми сапарының аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси­ және сауда-экономикалық қа­рым-қатынастардың бүгіні мен келешегін жан-жақты талқылау.

Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі саналады. Және де елдер арасында тату көршілік пен достық рухындағы жан-жақты ынтымақтастық сер­пінді дамуда. Тек 2012 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 23,9 млрд. АҚШ долларына жетіпті.

Премьер-Министр Серік Ах­ме­тов бүгін өткізетін Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланады, деді ресми өкіл. Бұдан басқа, Үкімет мүшелері ана мен бала өлімін азайту жөніндегі шаралар­ды іске асыру мәселесін де қа­рас­тырады. Сонымен қатар, Премьер-Министр 21 тамызда Білім күні қарсаңында жаңа оқу жы­лына дайындық барысы туралы мәжіліс өткізеді. Ал 23 тамызда Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мәселелерін қарастырмақ. 21 тамызда Экономика және бюджеттік жос­парлау министрі Ерболат Досаев пен Индонезияның Экономика істері жөніндегі министрі Хатта Раджаса Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы есебінде Джакартада комиссия отырысын өткізеді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын, оның ішінде сауда мен инвестиция бойынша жұмыс тобын құру мәселелерін жан-жақты талқылауды көздеп отыр.

Сондай-ақ, 22-23 тамызда елордада «Сапалы білім мен тәрбие – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыты» тақырыбындағы білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық педагогикалық кеңесі өз жұмысын бастайтыны ерекше аталды. Ресми өкіл кеңесте білім беру мен тәрбие сапасын арттыру, педагогтармен, ата-аналармен және азаматтық қоғам өкілдерімен байланыс орнату және азаматтық қоғам институттарының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысуы жан-жақты талқыға салынарын жеткізді.

Брифингте сөз алған ҚАЖК төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев өз ведомствосының жұмысы барысынан хабардар етті. Оның сөзіне қарағанда, қазір бас бостандығынан айыру орындарында 49 883 адам отыр. Қылмыстық атқару инспекциясының есебінде 17 580 сотталған тұрса, оның 2864 әйел және 256-сы кәмелетке толмағандар. Қазақстан әлемдегі 221 мемлекеттің ішінде 100 адамға шаққанда сотталғандардың саны бойынша 31-орында тұр. 2002 жылы Қазақстан Республикасы 3-орында болған еді.

ҚАЖК төрағасының орынбасары, сонымен қатар, 46 түзеу мекемелерінде неғұрлым қажетті жұмыс мамандықтарының 50 түрі бойынша сотталғандарды кәсіби дайындау жүзеге асқандығын да ортаға салды. Оның айтуынша, 2012-2013 оқу жылдарында 4 мыңға жуық сотталған кәсіби және еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша білім алған. Қазіргі уақытта республиканың мекемелерінде жалпы білім беретін 55 оқу орны жұмыс істейді, онда 3 557 сотталған білім алуда. Соңғы екі жыл ішінде сотталғандардың тамақтану нормалары әрбір қолданылатын өнімнің және тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығын ескере отырып, көбейту және сапасын жақсарту жағына қарай екі рет қайта қарастырылды. Ет, балық, сүт, ірімшік беру нормалары елеулі түрде көбейді. Сотталғандардың тамақтану ассортиментіне қосымша ірімшік, қаймақ, шұжық өнімдері, шырындар, жем