• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 05 Наурыз, 2020

Бокс: Аммандағы іріктеу турнирін сәтсіз бастадық

703 рет
көрсетілді

Кеше Иорданияның астанасы – Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Олимпия ойындарының іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, жарыс жолына шыққан Қазақстанның қос спортшысы да ұтылып қалды.

Жерлестеріміздің арасынан шаршы алаңға алғашқы болып Дәметкен Келімбет шыққан еді. 57 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол Қытайдың спортшысы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Инь Цзюньхуаға жол берді.

Одан кейін 60 кило салмақтағы Римма Волосенко рингке көтерілді. Ол Үндістанның өкілі, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Симранжит Каур Баатпен қолғап түйістірді.

Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасының үш бірдей мүшесі өнер көрсетеді. Олар – Зәкір Сафиуллин (63 кило), Әбілхан Аманқұл (75 кило) және Бекзат Нұрдәулетов (81 кило).