• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Наурыз, 2020

Елордада кәмелет жасқа толмағандарға жол ақысы тегін болады

443 рет
көрсетілді

Оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасын www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс бере аласыздар. Қажетті құжаттар:

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін Туу туралы куәлігі;

Оқу орнынан анықтама;

3х4 сурет (ақ фонда;

16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін Жеке куәлігі;

Оқу орнынан анықтама; 3х4 сурет;

Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасай аласыз. Құны – 400 ₸. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаңызға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді. Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассадан ала алады.

Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.