• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Семинар-тренингтер өткізді

421 рет
көрсетілді

Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты және ШҚО саяси менеджмент мектебі «Жастар – ауылға!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ының атқарушы хатшылары келіп қатысты.

Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты және ШҚО саяси менеджмент мектебі «Жастар – ауылға!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ының атқарушы хатшылары келіп қатысты.

Семинар-тренингте Парламент Мәжілісінің депутаты М.Бегентаев жастармен кездесті, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жиын барысында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» өкілдері өз бағдарламаларын кеңінен түсіндіріп, жас отбасы­лар­ға берілетін баспана мен кәсі­бін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көрсетілетін қар­жы­лай қолдау тетіктерін таныстырып өтті. Бұл қала жастары үшін аса маңызды.

«Нұр Отан» ХДП кеңесшісі Нұр­таза Сұңғат «Жас Отан» ЖҚ мүшелеріне әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланудың қыр-сырын үйретті. Семей қалалық ішкі сая­сат бөлімі басшысының орынба­са­ры Айдар Садырбаев «Жаңа қа­зақстандық патриотизм – гүл­ден­ген мемлекеттің негізі» атты баяндамасын оқыды.

– Ел Президенті Н.Назар­баев­тың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мақсатын, не­гізгі басымдықтарын түсіндіру, жас­тарға дұрыс бағыт сілтеу біздің басты мақсатымыз, – деді Айдар Серікқазыұлы өз сөзінде.

Сондай-ақ, Семей қаласының ішкі саясат бөлімі мен Орталық сая­бақ басшылығы бірлесіп, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жас­тар қанаты Орталық саябақта мем­лекеттік грантқа ие бола ал­ма­ған талапкерлерге арналған «Ма­мандықтар жәрмеңкесін» өт­кізді. Шара барысында абитуриенттер қаланың ЖОО мен колледждерінде оқытылатын сұранысқа ие мамандықтармен танысып, оқу ақысын төлеу үшін банктерден несие алу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар