Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақтағы орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары студенттері арасында үгіт бригадалар сайысын ұйымдастырды.
Балалар мен жасөспірімдерді есірткі тарату мен тұтынудан сақтандырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздеген сайысқа 46 үгіт бригадасы қатысып, мәселені шағын театрландырған қойылымдарға өзек қылды.
Қазылар алқасының шешімімен 16 топтың еңбегі ерекше аталып өтті.
Ал бірінші орын Сырдария ауданындағы №131 орта мектеп командасына бұйырды. Екінші орынды осы аудандағы №126 орта мектеп оқушылары алса, үшінші орын жүлдесі Қазалы ауданы №70 орта мектеп оқушыларына табыс етілді.