• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Наурыз, 2020

Жыл басынан бері iQala орталығында 5 мыңнан астам қызмет көрсетілді

164 рет
көрсетілді

IQala қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысы қарқынды дамып келеді. 2020 жылдың алғашқы  үш айында 5 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Орталық қызметкерлері мұны ең алдымен қызмет түрлерінің тізімін кеңейтумен және процестерді автоматтандырумен байланыстырады. Осы уақыт ішінде «Астана-ЕРЦ» ЖШС және «Clean City NC» ЖШС - қызметтері ерекше сұранысқа ие болды (1 336 және 1 107 рет қызмет көрсетілген). Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін iQala-да қолжетімді қызмет түрлерінің тізімі порталдың басты бетінде орналастырылған www.iqala.kz. Бұл тізімде 129 қызмет түрі бар. IQala орталығы «Астана-ЕРЦ» ЖШС, «Астана ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС, «Clean City NC» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК, «Астана - Теплотранзит» АҚ, «Астана – РЭК» АҚ, «SPK Astana Development» ЖШС сияқты компаниялардың қызметтерін біріктірді.

Орталық қызметкерлері электрондық түрде порталда, сондай – ақ әдеттегі режимде-Р. Қошқарбаев көшесі, 29 мекенжайы бойынша фронт-кеңседе қызмет көрсетеді. iQala орталығында деректер базасын интеграциялау есебінен «ЕРЦ түбіртегін қайта беру» қызметін алу автоматтандырылған. Жеке кабинетке түбіртек дереу келеді. Сондай-ақ «Астанаэнергосбыт», «Қазақтелеком» АҚ қызметтері және «Астана су арнасы» МКК техникалық шарттарды алу бойынша қызметтер автоматтандырылды. Сондай - ақ автоматты режимде "Астана – Теплотранзит» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ техникалық шарттарын алуға болады.