Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысындағы шығармашылық қауыммен кездесті және М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің кейіпкерін еске алу кешіне қатысты.
Шараға қатысушылар басты кейіпкердің құрметіне ескерткіш қоюға ниет білдірді.
Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысындағы шығармашылық қауыммен кездесті және М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің кейіпкерін еске алу кешіне қатысты.
Шараға қатысушылар басты кейіпкердің құрметіне ескерткіш қоюға ниет білдірді.
Сондай-ақ сенаторлар Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов және Ермек Жұмабаев Павлодар облысы, Лебяжі ауданындағы Аққу ауылында өткен ұлы ойшыл Абайдың туғанына 168 жыл толуына арналған шараға да қатысты.
* * *
Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында болып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысты және ол аудандық мәслихаттың ХХ сессиясына қатысты.
Еліміздің ауыл шаруашылығының зор мүмкіндігі бар екендігін Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсетті. Біздің еліміз қазір астық өндіру мен оны экспорттауда әлем бойынша алдыңғы қатарға шықса, енді шетелдерге шығарылатын ет өнімдерінің көлемін арттыруды мақсат етіп отыр. Бұған қол жеткізу үшін Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына, әсіресе, мал шаруашылығын өркендетуге нақтылы көмек пен қолдау көрсетілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауыл адамдарына мал сатып алуға арзан несиелер берілуде. Міне, осы мүмкіндіктерді жергілікті жерлерде тиімді пайдалануға барынша атсалысу керек, – деді сенатор.
* * *
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Ұласбек Сәдібеков «Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи ескерткіштерді сақтауға – партиялық бақылау» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Тарихи ескерткіштердің жағдайы, оларды сақтау мен жаңа артефактілерді іздеу, отаншылдыққа тәрбиелеу мәселелерін талқылауға облыстың жоғары оқу орындарының белгілі тарихшылары, археологтары, этнографтары мен саясаттанушылары шақырылды. Бүгінгі таңда ОҚО аумағында тарихи-мәдени мұра нысандарының жалпы саны 1209-ды құрайды. Оның ішінде, археологиялық ескерткіштердің саны – 999 болса, сәулет ескерткіштерінің саны – 210. Облыста республикалық маңыздағы 33 ескерткіш бар.
«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы дөңгелек үстелде облыс көлемінде акция өткізу ұсынды. Акцияның басты мақсаты – жаңа тарихи көзқарастың қалыптасуына ықпал ету.
Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков отырыста көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, бұл бастама тарихи мұраларды сақтауға, қорғауға, дәріптеуге үлкен септігін тигізеді деген сенім білдірді.
* * *
Парламент Сенатының депутаттары Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев еліміздің аймақтарына сапары аясында Батыс Қазақстан облысының жеті ауданында болады. Сенаторлар қазірдің өзінде Зеленов және Теректі аудандарында болды.
Сапар барысында депутаттар Киров-Чижин су арнасын жаңғырту барысымен танысты. Бұл Жайық – Көшім жүйесінен Үлкен өзенге су беруге арналған айдынаралық су жіберу стратегиялық нысаны болып табылады. Айдынаралық су жіберуге және Ресей Федерациясына суға тәуелділікті азайтуға арналған арна жедел жаңғырту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Депутаттар, сондай-ақ, бюджетаралық қатынастарды және жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын талқылау үшін бюджет саласының қызметкерлерімен облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуді жоспарлап отыр.