• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2020

Димаш коронавируспен күресіп жатқан жанкүйерлеріне қолдау білдірді

413 рет
көрсетілді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавируспен күресіп жатқан Ухандағы жанкүйерлеріне қолдау білдірді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады. 

Д.Құдайберген жариялаған суретте ақ халат киген дәрігерді байқауға болады, ал оның арқасына Dimash және Dears деп жазылған.

«Қытайлық instagram-да (Weibo) адамдардың өмірі үшін ерлікпен күресіп жатқан dears-дәрігерлердің суреттерін көрдім. Бәрі жақсы болады, бұл да өтеді деп үміттенемін. Сақтаныңыздар!» – деп жазды ол.