Түркістан қаласының тәртіп сақшылары жоғары қабаттан секіріп кетпек болған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, белгісіз әйелдің өзін жайсыз сезініп, өлгісі келетіні туралы хабар түскен. Шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы белгісіз әйелдің көпқабатты тұрғын-үйдің 5-ші қабатындағы балконнан секіруге оқталып тұрғанын байқайды.
Учаскелік полиция инспекторы, майор Болат Оразбеков, полиция лейтенанты Қайрат Нармухамедов пен Нұрғиса Жұмабай тез арада жоспар құрып, әрекетке кірісті. Полиция майоры Болат Оразбеков әйелді сөзге тартып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асырып, оның секіруіне кедергі келтіріп тұрса, полиция лейтенантары Нұрғиса мен Қайрат құлыптаулы пәтердің есігін бұзып кіріп, өлгісі келген әйелді балконда салбырап тұрған жерінен құтқарып қалды. Инспекторлар әйелді қауіпсіз жерге шығарып, медициналық көмек көрсетті.
Аталған жайт Түркістан ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін оқталу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тексеру барысында, әйел өмірге қапала екенін, денсаулығы болмай жүргенін, азын-аулақ тұрмыстық мәселелерді көтере алмай қалып, өзінің не істегенін байқамай қалғанын айтады.
Полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды жүзеге асырды.