Nur Otan партиясының ішкі партиялық іріктеуі жаңа форматта өтеді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Оның жазуынша, Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің Бюро отырысында ішкі партиялық іріктеуді еліміздің барлық өңірлерінде биыл 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында жаңа форматта өткізу жөнінде шешім қабылданды.