• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Самбошылар намысты қолдан бермеді

384 рет
көрсетілді

Ресейдің Сочи қаласында кәсіби жауынгерлік самбодан төртінші халықаралық турнир мәреге жетті. «Платформа S-70» деген атаумен өт­кен бұл жарысты «Самбо-70» және «League S-70» білім беру орталықтары ұйымдастырды.

Байрақты бәсекеге Ресей сам­бошы­ларынан бөлек, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Респуб­ликасы секілді ел­дердің спортшылары қатысты. Оның финалында ресейлік Вячеслав Васи­левский мен оңтүстікафрикалық Тревор Пренгли кездесіп, шай­қас алаң иесінің техникалық нокау­тымен аяқталды. Бұлардың біріншісі Ресейдің 2012 және 2013 жылдарғы чемпионы болса, келесісі бразилиялық джиу-джитсудың қара белбеуінің иегері екен. Ал командалық сайыста Ресей командасы әлем құрамасын 4:1 етіп ұтты.

Құрамалар бұдан бөлек, өзара бір­неше жолдастық кездесулер өткізді. Онда Ресей мен Қазақстан жасақтары қарсыластарынан екі мәртеден басым түссе, Украинаның бас командасы бір жеңіске қол жеткізді. Осылайша қазақ самбошылары намысты қолдан бермеді.

«Егемен-ақпарат».