Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев Спорт күніне байланысты өткен кездесуде келесі жылы Астанада мүгедек спортшыларға арналған олимпиадалық орталықтың ашылатынын хабарлады.

– Келесі жылы мүгедек спортшылардың жетістіктерін арттыруға жағдай жасайтын олимпиадалық орталық ашылады. Қазір оның құрылысына Үкімет тарапынан 129 млн. теңге қаражат бөлінді. Өздеріңізге белгілі, соңғы кездері параолимпиадалық және сурдолимпиадалық спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жетістіктері келеді. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде, – деді ол.
Кездесуде ол бұған дәлел ретінде 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Болгарияның София қаласында өткен сурдолимпиадалық ойындарда Ғабит Есжановтың чемпион атанғанын, ал суға жүзуден параолимпиадалық спортшыларымыз осы күндері Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш рет әлем рекордын жаңартқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұның бәрі елімізде мүгедектер спортын дамытуға жасалып жатқан жағдайды көрсетеді. Қазіргі кезде қаржыландыру, ұйымдастыру жағынан барлық мүмкіндіктер бар. «Сондықтан қазақстандық мүгедек спортшылар жоспар бойынша, белгіленген жарыстардың барлығына қатысуда», – деді ол.