Алматыда қаржы нарығы топ-менеджерлерінің VII CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT-2020 жыл сайынғы саммиті өтті. CFO Summit-2020 өз алаңында белгілі қаржыгерлер мен саясаткерлердің, ірі отандық және халықаралық компаниялардың жетекші сарапшылары мен менеджерлерін тоғыстырды.
Саммит аясында Қазақстан Республикасы қаржы жүйесін дамыту келешегі, соңғы өзгерістер, трендтер мен инновациялар, сондай-ақ, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері қозғалды.
Қаржылық қызметтерді көрсететін ұйымдардың алдағы он жылда табысқа жетуі олардың заманауи инновациялық технологиялар көмегімен «қарапайым бизнесті» қаншалықты тиімді түрде жаңғырта білуіне тәуелді болмақ.
Ең қызу пікірталасқа алмасуға түрткі болған «ERP болашағы» панельдік отырысында ERP жүйесінің (компания қорларын басқару жүйесі) ұтымды және тиімсіз тұстары кеңінен талқыланды. Аталмыш жүйені табысты түрде қолданған кезде бизнесті басқару тиімділігі артып, оның бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды.
Саммит кезінде спикерлердің бірі ретінде Майкрософт Қазақстан бас директоры Тибор Колеяк сөз сөйледі.
Өзінің таныстырылымында ол Майкрософттың жасанды интеллектісінің көмегімен бизнестің қалай түбегейлі өзгерістен өтіп жатқандығын көрнекі түрде көрсетіп, деректерді басқару және компанияның қызметі мен тиімділігін жақсарту үшін осы деректерді талдау нәтижелерін ары қарай қолдану мәселесін тереңірек ашып берді.
«Жасанды интеллектінің мақсаты банкирлердің орнын ауыстыру емес, ол банктердің жылдам қызмет етіп, деректерге негізделген сындарлы шешімдерді қабылдауына көмектесу арқылы банктердің жұмысын оңтайландыратын болады. Майкрософт қауіпсіздікке, айқындылыққа және нормативтік талаптардың сақталуына инвестиция құяды. Бұл қаржы секторының ойыншыларына бүкіл әлем бойынша бизнес жүргізу кезінде жаңа шешімдерді қызметке ендіріп, осылайша бәсекеге қабілеттілігін сақтауға жағдай жасайды», – деді Майкрософт Қазақстан бас директоры Тибор Колеяк.
Қазіргі таңда жасанды интеллект технологиялары қаржы секторын цифрлік тұрғыда жаңғыртуда үлкен рөл ойнайды. Заманауи инновациялар компанияларға жаңа экожүйе аясында өркендеп, бәсекеге қабілетті болып қалуға көмектеседі, ал зияткерлік агенттерді, заманауи қосымшалар мен машиналық оқытуды үйлестіру арқасында банктер деректерді пәрменді идеяларға айналдыра алады. Жасанды интеллект арқылы түсуі мүмкін деп болжанған қосымша табыс1,2 триллион долларға дейін жетпек.
Клиенттермен жұмыс жүргізудің дәстүрлі тәсілдемелері клиенттердің банк қызметтеріне деген қызығушылығын бәсеңдетіп, байланыс үзуіне әкеліп соқты. Майкрософтың қаржылық ұйымдарға ұсынып отырған әртүрлі қосымшалары клиенттерге ыңғайлы уақытта және дұрыс коммуникация арнасы арқылы олардың жеке қажеттіліктеріне сай келетін өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.