• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2020

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

206 рет
көрсетілді

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 наурызда бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

7 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның ықтималдылығы 90-95 %.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 м/с-ге жетеді. Қызылорда қаласында 7 наурызда күндіз шаңды дауыл көтеріліп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Болжамның дәлдігі 95-100%.

7-8 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.