• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2020

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

264 рет
көрсетілді

Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз екінші отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия Павлодар-Новосібір мемлекеттік шекарасының учаскесіне далалық демаркациялық жұмыстардың материалдарын тексерді.

Демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау жалғастырылды, сондай-ақ шекара сызығын оның жекелеген учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелер талқыланды.

Тараптар Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Алтай өлкесі шегіндегі шекара учаскесінде 2020 жылы шекаралық белгілерді орнатудың жобалық орындарының кестесін нақтылап, құрастырды.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті. Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.