• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2020

Түркістан: Облыс әкімі Арыстағы балалар үйіне барды

602 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеген Тәжібаев атындағы Арыс қалалық балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұл сапардың өзіндік себебі де бар. Өткен жылы Арыста орын алған апатты оқиға кезінде облыс әкімі ең алғаш болып осы балалар үйіне келген. Яғни балалар облыс басшысымен жақсы таныс.

Сын сағатта жандарынан табылған облыс әкімін қуанышпен қарсы алған балғындар балалар үйінің барлық бөлмелерін бірге аралап шықты. Өлең-жырларын оқып, анаға деген сарқылмас сағыныштан туған әндерін шырқады. Қара шаңырақта бүгінде 60-тан астам бала өсіп жатыр. Олар отбасылық негізде тәрбиеленеді. Яғни отбасы мүшелері жасақталып, ана мен бала жүйесі қолға алынған. Жеті бірдей отбасына бөлінген балалар үйінде олардың толыққанды өмір сүруіне барлық жағдай жасалған, жеке бөлмелері, компьютерлік сыныптар, спорттық бөлмелер бар.

Балалардың тұрмыс тіршілігіне қанығып, өнерін тамашалаған Өмірзақ Естайұлы, сондай-ақ осыдан 98 жыл бұрын қызметін бастаған мұражай жұмысымен танысты.

 

Түркістан облысы