Дәл қазіргі есеп бойынша қазақ спортшылары спорттың 16 түрінен Токио Олимпиадасына 36 жолдама жеңіп алды.
Ең көп лицензия боксшылардың еншісінде. Атап айтар болсақ, бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ерлер құрамасы - 5, әйелдер боксынан ел қоржынына 1, жалпы саны 6 жолдама түсті.
Екінші орындарды еркін күрес балуандары мен садақ атушылар өзара бөлісіп тұр. Аталған спорт түрлерінен төрт-төрттен барлығы 8 жолдама бар.
Үшінші орында 3 жолдамаға иелік еткен жеңіл атлеттер мен тасжолдағы велоспортта сынға түсетін спортшылар тұр.