Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты Қазақстанда Шұғыл әрекет ету штабы құрылады. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.
«Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын Шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым. Мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орындары ашылады», - деп жазды Мемлекет басшысы.