• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2013

Оңтүстікте жоғалған тікұшақ табылды

234 рет
көрсетілді

 

Кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Еврокоптер-130» тікұшағының жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Ол тікұшақ «Саут-Ойл» серіктестігіне тиесілі болатын. Бұл туралы Otyrar. kz хабарлады.

Жеке кәсіпкер иелігіндегі тікұшақ бортында ұшқышпен бірге 3 жолаушы болған. Сол жоғалған тікұшақ бүгін табылып отыр. Аккумуляторында ақау болуы себепті Мақпал көлінің жағасына қонып, қайта ұша алмай қалыпты. Зардап шеккендер жоқ. Іздестіру жұмысына 87 адам, 8 техника жұмылдырылған.

Данияр Түймебай.